Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 12 қаулысы негізінде, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан:

№ 272 сайлау учаскесі – Нуртазина Ж.А.;

№ 273 сайлау учаскесі – Сағидуллаева А.Қ.;

№ 279 сайлау учаскесі – Абилов Б.А.;

№ 286 сайлау учаскесі – Құрмантаев А.С., Кулина Л.У.;

№ 288 сайлау учаскесі – Белый А.А., Васильченко Т.В.,Мацюк Н.К.;

№ 289 сайлау учаскесі – Апарина Л.Д.,Кашка Н.Л.;

№ 290 сайлау учаскесі – Карагулова С.О.;

№ 293 сайлау учаскесі – Измагамбетова А.Е., Есенжолов Б.М. шығарылсын.

 

2) учаскелік сайлау комиссияларының құрамына:

№ 272 сайлау учаскесі – Қазақстан Халық партиясынан Қалдан Есенқұл Бейбітұлы;

№ 273 сайлау учаскесі – «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Нуртазина Жазира Акылбаевна;

№ 279 сайлау учаскесі – «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Битурина Канымай Сапаргалиевна;

№ 286 сайлау учаскесі – «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясынан Кулин Сергей Александрович, «AMANAT» партиясынан Гибнер Таслима Санатовна;

№ 288 сайлау учаскесі – «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясынан Нечипоренко Григорий Григорьевич , «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Алдрапекова Баян Утекеевна, «Болашақ-М» қоғамдық бірлестігінен Ушакова Анна Александровна;

№ 289 сайлау учаскесі – «AMANAT» партиясынан Карпенко Даяна Даулеткерейқызы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ филиалы – Мәртөк аудандық кәсіподақ ұйымынан Ильяшенко Иван Иванович;

№ 290 сайлау учаскесі – «AMANAT» партиясынан  Алимбетова Гульшат Мухамбеткалиевна;

№ 293 сайлау учаскесі –«AMANAT» партиясынан  Казиева Гульмира Асылхановна, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясынан Темирбаев Айбек Адилович сайлансын.

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 сентября 2025