Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) ауданның экономикалық өсімін облыс деңгейінің орташа көрсеткішіне жеткізу;
2) халықтың әл-ауқатын арттыру, оның ішінде «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары аясында қарастырылған іс-шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз ету;
3) бюджетке жоспарланған түсімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
4) өңірге инвестициялар тарту;
5) шағын және орта бизнесті дамытуды жан-жақты қолдау;
6) агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оның ішінде ет, сүт және астық өнімдерін терең өңдеуді, сондай-ақ жылыжай шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету;
7) ауданның елді мекендерін қажетті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |