Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті қырық екінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:
1) Мәртөк ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
Баяндамашы: М.Ж.Ысқақов – Мәртөк ауданының әкімі.
2) «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы.
Баяндамашы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3) Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 «2025-2027 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
4) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпаратшы: Б.Б.Коптлеуов – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
5) Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 108 «Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: Б.Б.Коптлеуов – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
6) Мәртөк ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.
Ақпаратшы: А.М.Қалимағамбетов – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
7) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 165 «Мәртөк аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: Е.Э.Тыныспаев – аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.
8) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: Е.Э.Тыныспаев – аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.
9) Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 18 шілдедегі № 235 «Мәртөк ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпаратшы: А.Ж.Сасырауов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.
10) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |