Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:
1) Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 182 «2025-2027 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Ақпаратшы: А.Ж.Сасырауов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |