Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарымен бірлесіп, Мәртөк ауданында жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйлер құрылысының сапасына қатаң бақылауды жүзеге асыру;
2) ауылдық елді мекендердің бірыңғай сәулеттік келбетін қолдау мақсатында бекітілген құрылыс бас жоспарларына сәйкес жеке сектордағы тұрғын үйлердің құрылысына бақылау жүргізу;
3) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында тұрғын үй құрылысы аудандарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар қабылдау ұсынылсын.
Мәртөк аудандық мәслихатының
төрағасы Т.Көлкебаев