Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Мәртөк ауданының 2024 жылғы бюджетінің орындалуы туралы» есебін және Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысын қарап, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудан әкімдігінің 2024 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы есебі кірістер бойынша 8 811 759,1 мың теңге сомасында, шығындар бойынша 10 716 358,2 мың теңге сомасында бекітілсін.
- Мәртөк ауданының 2024 жылғы бюджетінің орындалуы туралы Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі (жергілікті атқарушы органның есебіне қорытындысы) бекітілсін.
- Аудан әкімдігіне:
- бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер түсімдерін толық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруға, сондай-ақ аудандық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуына ай сайынғы мониторинг пен талдауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде бюджеттік жоспарлау сапасын, бюджет шығыстарының негізділігі мен тиімділігін арттыру;
- аудан бюджетінің атқарылуындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау ұсынылсын.
Мәртөк аудандық мәслихатының
төрағасы Т.Көлкебаев