Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:
1) Аудан әкімдігінің 2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы.
Баяндамашы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Мәртөк ауданында тұрғын үй құрылысын дамыту туралы.
Баяндамашы: А.А.Енсегенов – аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы.
3) Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 «2025-2027 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
4) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 155 «Мәртөк ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 158 «Аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 159 «Мәртөк ауданының терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 160 «Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпаратшы: Н.Б.Сақтағанов – аудан әкімі аппаратының басшысы.
8) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |