№ 6 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат А.И.Райзихтің депутаттық сауалы туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.М.Калимагамбетовке жолданған, № 6 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – А.И.Райзихтің депутаттық сауалы назарға алынсын.
  2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабымен белгіленген мерзімде жауап ұсынуы үшін, «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» ММ (А.Б.Кадыров) депутаттық сауалды үш күндік мерзім ішінде жолдасын.

Мәртөк аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

депутатский запрос

Дата публикации
13 июня 2025