Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:

1) Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 «2025-2027 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпаратшы: Б.Б.Коптлеуов – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

3) Мәртөк ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы.

Ақпаратшы: М.Т.Биктемирова – аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

4) № 1 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Р.Ж.Айтқалиевтің депутаттық сауалдары туралы.

5) № 4 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Р.А.Копжанның депутаттық сауалы туралы.

6) № 6 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат А.И.Райзихтің депутаттық сауалы туралы.

7) № 8 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат З.Ғ.Құрманаевтың депутаттық сауалы туралы.

8) № 11 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат А.Е.Искариннің депутаттық сауалы туралы.

 

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 июня 2025