Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:
1) Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 182 «2025-2027 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: А.С.Зеленская – аудандық экономика және қаржы бөлімінің құрылымдық бөлім басшысы.
2) № 8 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат З.Ғ.Құрманаевтың депутаттық сауалы туралы.
3) № 10 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Т.О.Көлкебаевтың депутаттық сауалы туралы.
4) № 11 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат А.Е.Искариннің депутаттық сауалы туралы.