Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 4 қаулы негізінде, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамынан Каримжан Омарбекович Бердиев шығарылсын;
2) Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық париясынан – Дана Исембигалиевна Байтурова сайлансын.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |