Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 19 баптарына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
1) Мәртөк аудандық мәслихат төрағасының атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Баяндамашы: Т.О.Көлкебаев – аудандық мәслихат төрағасы.
2) Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 «2025-2027 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3) Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
4) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 66 «Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпаратшы: Е.Э.Тыныспаев – аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.
5) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: Е.Э.Тыныспаев – аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.
6) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 19 маусымдағы № 120 «Мәртөк ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпаратшы: А.Ж.Даримова – аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
7) Мәртөк ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамындағы өзгерістерді бекіту туралы.
Ақпаратшы: Н.Б.Сақтағанов – аудан әкімі аппаратының басшысы.
8) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |