Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округінің елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 15 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты         ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округінің елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобасы бекiтілсін.
  2. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 156 «Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округінің елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобасын бекiту туралы» шешімінің күші жойылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 июня 2025