Аудандық мәслихаттың қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2024 жылғы жұмыс қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарылған жұмысы туралы есебін тыңдап, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

  1. Аудандық мәслихаттың қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2024 жылғы жұмыс қорытындылары туралы есебі назарға алынсын.
  2. Тұрақты комиссия өзінің құзыреті шегінде аудандық мәслихаттың шешімдерінің және өзінің ұсыныстарының орындалуына бақылау жасау жөніндегі жұмыстарын жандандырсын.

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 июня 2025