2024-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365 бабы 3 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы  1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 318 «Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 23917 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Мәртөк аудандық мәслихатының

2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 162

шешіміне қосымша

 

 

2024-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі БАҒДАРЛАМА

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ..................................................................................................................................3

Өңірдің негізгі сипаттамалары .............................................................................................3

Жоспарлы кезеңге арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеудің қажеттілігін негіздеу .......................................................................................................4

Коммуналдық қалдықтарды басқару шаралары қарастырылған ұлттық стратегиялық, бағдарламалық құжаттар, аумақты дамыту жоспарлары ..............................................................4

  1. МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ....................................................................................................5

1.1 Аймақтағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың қазіргі жағдайын бағалау .......5

Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы инфрақұрылымның жағдайы туралы жалпы мәліметтер (ажырату, қалдықтарды тасымалдауға арналған арнайы техника, сұрыптау, қайта өңдеу қуаттары, ҚТҚ полигондары және т.б.) ...................................................5

ҚТҚ полигондары туралы мәліметтер .................................................................................7

Коммуналдық қалдықтардың морфологиялық құрамы ...................................................10

1.2 Соңғы үш жылдағы коммуналдық қалдықтарды басқаруды динамикада талдау ...10

1.3 Коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жиналуы бойынша нормативтік база .................................................................................... ...............................................................11

1.4 Соңғы үш жылдағы динамикада бөлінген қаражаттарды (жергілікті және республикалық бюджеттер, бюджеттен тыс) сипаттау және талдау ..........................................11

  1. МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ НЫСАНАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕР .....................13

2.1 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері ................................................................13

2.2 Қойылған мақсаттар мен міндеттерге ең тиімді әрі экономикалық негізделген әдістермен жету жолдары .................................................................................... ..........................13

2.3 Бағдарламаның нысаналы көрсеткіштері ....................................................................15

  1. ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ЖОЛДАРЫ ......................................................... ..................................................16
  2. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ..................................................................................................18
  3. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ....19-20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

2024-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 154 «Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік ұсыныстарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама Экологиялық кодекске сәйкес, атап айтқанда Кодекстің 329 бабының қағидаттарымен анықталған иерархия принципіне сәйкес әзірленеді.

Бағдарламада Мәртөк ауданында пайда болатын коммуналдық қалдықтардың сипаттамасы (характеристикасы) ұсынылады, оның ішінде көлемі мен құрамына, пайда болу жылдамдығына, классификациясына, жинау, тасымалдау, сұрыптау, залалсыздандыру, қалпына келтіру және жою әдістеріне, коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша бар инфрақұрылымға қатысты мәліметтер беріледі.

 

Өңірдің негізгі сипаттамалары

 

Мәртөк ауданы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде, Ақтөбе облысында орналасқан.

Мәртөк ауданы 1935 жылғы 16 ақпанда құрылды. 1957 жылғы 26 қыркүйекте Мәртөк ауданына таратуға ұшыраған Родников ауданының бір бөлігінің аумағы қосылды. Аудан орталығы – Мәртөк ауылы.

Мәртөк ауданы Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстікте Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстік-шығыста Қобда ауданымен, оңтүстік-шығыста Алға ауданымен және Ақтөбе қаласының маңайымен, солтүстік-шығыста Қарғалы ауданымен шектеседі. Ауданның солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы — 110 км, шығыстан батысқа қарай ұзындығы – 147 км. Негізгі өзендер: Ілек, Танирберген, Бөрте, Торанғұл.

Мәртөк ауданында келесі елді мекендер орналасқан: Аққайың (Коминтерн), Ақмоласай (Новофедоровка), Байнассай (Новомихайловка), Байторысай, Бөрте (Студенческое), Достық (Веренка), Дмитриевка, Егізата (Новодонцы), Жайсаң (Яйсан), Жаңажол (Рыбаковка), Қазан (Казанка), Хазірет (Хазретовка), Қарабұлақ (Степь), Қаратаусай, Қаратоғай, Қеңсахара, Көкпекті (Целинное), Құмсай, Құрмансай (Степановка), Вознесеновка, Қызылжар (Андреевка), Мәртөк (Мартук), Первомайка, Покровка, Полтавка, Родниковка, Саржансай (Нагорное), Сарыжар (Хлебодаровка), Торайғыр (Черёмушки), Шаңды (Чайда), Шевченко.

Аудан аумағында Қазақстан Республикасының Әуе қорғаныс әскери институты қолданатын Хлебодаровка оқыту грунтты әуежайы бар.

2023 жылғы мәліметтер бойынша Мәртөк ауданының халқы шамамен 30 000 адамды құрайды. Халықтың динамикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша қабылданған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспарлы кезеңге арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеудің қажеттілігін негіздеу

 

Бағдарламаны әзірлеу коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, жою, қайта өңдеу және қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) көму бойынша қызметтердің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын арттыру, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін көбейту, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көму мақсатында қажет.

Бағдарлама Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы №154-п бұйрығына сәйкес, жоспарлы кезеңге, ең аз дегенде 5 жыл мерзімге әзірленеді.

            Бағдарлама төмендегі нормативтік құжаттарға негізделген:

            Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі №400-VI 2021 жылғы 2 қаңтардағы, 2023 жылғы 5 қыркүйектегі өзгерістерімен.

Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 бұйрығы.

Қалдықтарды ажырату талаптарын бекіту туралы, оның ішінде міндетті түрде ажыратылып жинауға жататын қалдықтардың түрлері немесе топтары (түрлерінің жиынтығы), техникалық, экономикалық және экологиялық негіздемелерді ескере отырып – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №482 бұйрығы.

«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, пайдалану, қолдану, жою, тасымалдау, сақтау және көмуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа нормативтік құжаттар.

 

Коммуналдық қалдықтарды басқару шаралары қарастырылған ұлттық стратегиялық, бағдарламалық құжаттар, аумақты дамыту жоспарлары

 

Коммуналдық қалдықтарды басқаруға қатысты шаралар келесі ұлттық стратегиялар мен даму жоспарларында қарастырылған:

«Көміртек бейтараптылығына қол жеткізу стратегиясы» – Қазақстан Республикасының Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы Жарлығы.

            Қалдықтарды басқару бөлімі:

3.3.1.4 Қалдықтарды басқару

1) қалдықтар көлемін азайту;

2) қалдықтарды жинау және сұрыптау бойынша толық қамтуды жедел енгізу;

3) қалдықтардың үлесін арттыру.

 

 

  1. МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

 

1.1 Аймақтағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың қазіргі жағдайын бағалау

 

Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы инфрақұрылымның жағдайы туралы жалпы мәліметтер (ажырату, қалдықтарды тасымалдауға арналған арнайы техника, сұрыптау, қайта өңдеу қуаттары, ҚТҚ полигондары және т.б.)

 

Халықаралық тәжірибеде ҚТҚ жалпы құрамына кіретін, бірақ қайта өңдеу және/немесе көму тәсілімен ерекшеленетін үш «қалдықтар ағынына» сәйкес келетін үш бөлікке жіктеледі.

Коммуналдық қалдықтар.

Дата публикации
10 июня 2025