Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы А.Ю.Юнисоваға жолданған, № 11 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – А.Е.Искариннің депутаттық сауалы назарға алынсын.
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабымен белгіленген мерзімде жауап ұсынуы үшін, «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» ММ (А.Б.Кадыров) депутаттық сауалды үш күндік мерзім ішінде жолдасын.
|
Мәртөк аудандық
мәслихатының төрағасы
|
|
Т.Көлкебаев
|