Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 412 «Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

     

Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 412 «Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында

Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібінің 2 тармағының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.»;

көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Мәртөк аудандық                      мәслихатының

2024 жылғы 19 қыркүйектегі

№   шешіміне қосымша

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының

2020 жылғы 28 қазандағы

№ 412 шешіміне 2 қосымша

 

 

Мәртөк ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

 

Пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың мынадай шекаралары айқындалсын:

1) жаппай жерлеу орындарында – 800 метр;

2) автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;

3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;

4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;

5) магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр.

 

 

 

Дата публикации
19 сентября 2024