Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясының күн тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:

1) Мәртөк ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.

Баяндамашы: М.Ж.Ысқақов – аудан әкімі.

2) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 69 «2024-2026 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

3) Аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану және пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

Баяндамашы: А.Ж.Даримова – аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а.

4) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 19 маусымдағы № 120 «Мәртөк ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпаратшы: А.Ж.Даримова – аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а.

5) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 



Дата публикации
03 июня 2025