№ 3 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Б.А.Абдуллинаның депутаттық сауалы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Б.Амантурлиевке жолданған № 3 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Б.А.Абдуллинаның депутаттық сауалы назарға алынсын.
  2. «Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабымен белгіленген мерзімде жауап ұсынуы үшін, «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» ММ (А.Б.Кадыров) депутаттық сауалды үш күндік мерзім ішінде жолдасын.

Мәртөк аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

        

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 июня 2025