Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабына, 19 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 8 қаулы негізінде, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) № 4 округтік сайлау комиссиясының құрамынан Райзих Әсем Қайратқызы шығарылсын;
2) № 4 округтік сайлау комиссиясының құрамына «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Мәртөк аудандық филиалынан – Роза Қазиханқызы Әлжанова сайлансын.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |