«Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

Мәслихат шешімінің бұл жобасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының атауын өзгерту бөлігінде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 228 қаулысына сәйкес келтірілуіне байланысты қабылданады.

Сондай-ақ 10-тармақ жаңа редакцияда жазылып, мынадай сөйлем қосылды:

«Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады».

 Енгізілген өзгерістерді қолдауды сұраймыз

Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы                          Б.Коптлеуов                               

 

Дата публикации
19 июня 2024