Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыру;
2) ауданның қоғамдық және саяси өміріне жастардың белсенді қатысуын күшейту;
3) жұмыссыз жастар үлесін азайту мақсатында әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша шараларды қолға алу ұсынылсын.
Мәртөк аудандық мәслихатының
төрағасы Т.Көлкебаев