Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 132 бабының 3 тармағына сәйкес, «2023 жылғы Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы» есебін және Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының есебін қарап, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кіріс бөлігін толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөнінде жұмыстарды жүргізу;
2) тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізе отырып, бюджет қаражаттарын тиімді және мақсатты пайдалану бойынша бақылауды күшейту ұсынылсын.
Мәртөк аудандық мәслихатының
төрағасы Т.Көлкебаев