Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, 19 бабының 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
1) Аудан әкімдігінің 2023 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы.
Баяндамашы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) 2023 жылғы Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы.
Баяндамашы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 69 «2024-2026 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
4) Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 40 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
5) Ауданда жастарды жұмыспен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Баяндамашы: А.Ж.Абдакиев – аудандық жастар ресурстық орталығының директоры.
6) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: Б.Б. Коптлеуов – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
7) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 165 «Мәртөк аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: Е.Э.Тыныспаев – аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.
8) Аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Ақпаратшы: А.Ж.Сасырауов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.
9) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 155 «Мәртөк ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
10) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 157 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
11) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 158 «Аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
12) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 159 «Мәртөк ауданының терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
13) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 160 «Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
14) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 209 «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
15) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 210 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпаратшы: Н.Б.Сақтағанов аудан әкімі аппаратының басшысы.
16) № 1 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Р.Ж.Айтқалиевтің депутаттық сауалы туралы.
17) № 10 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Т.О.Көлкебаевтың депутаттық сауалы туралы.
18) № 11 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат А.Е.Искариннің депутаттық сауалы туралы.
19) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |