Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 622 123,9 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 693 102 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 17 891 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 906 130,9 мың теңге;
2) шығындар – 8 437 445,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 103 367 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 190 138 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 771 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -918 689 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 918 689 мың теңге:
қарыздар түсімі – 190 138 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 86 771 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 815 322 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т. Көлкебаев |