Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясының күн тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:

1) Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 268 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: А.Т.Жумабаева– аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2) Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 25 маусымдағы № 328 «Мәртөк ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпаратшы: А.Ж.Сасырауов– аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

Дата публикации
14 октября 2026