Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 278 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 278 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

11 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 90 579,2 мың теңге:

салықтық түсімдер – 14 465 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 729 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 208 мың теңге;

трансферттер түсімі – 75 177,2 мың теңге;»;

11 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«2) шығындар – 90 584,9 мың теңге;»;

12-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«12-1. 2026 жылға арналған Қаратоғай ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін трансферттер – 34 500,2мың теңге сомасында ескерілсін.»;

көрсетілген шешімнің 13, 34 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.  Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәртөк аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

 

Дата публикации
14 октября 2026