Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Аудандағы білім беру жүйесінің жағдайы және даму перспективалары туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы А.Есалиннің есебі назарға алынсын.
2. Аудандық білім бөліміне (А.С.Есалин):
1) Білім сапасын арттыру мақсатында білім көрсеткіші төмен білім беру ұйымдарында нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оның орындалуын тұрақты бақылауды қамтамасыз ету;
2) білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлар тапшылығын төмендету мақсатында бос жұмыс орындарын толықтыруды жеделдету, жас мамандарды тарту және олардың ауданға тұрақтануына жағдай жасау;
3) білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында Достық мектебінің құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде тиісті шаралар қабылдау, сондай-ақ күрделі жөндеуді қажет ететін білім беру нысандары бойынша бюджеттік өтінімдерді қайта ұсыну;
4) білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді білім беру ортасын одан әрі дамыту ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Мәртөк аудандық
мәслихатының төрағасы Т.Көлкебаев