Мәртөк ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәртөк ауданының әкімі Медет Жұмабайұлы Ысқақовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі бекітілсін.

2. Аудан әкіміне жұмысты төмендегі бағыттар бойынша жалғастыру ұсынылсын:

1) ауданның экономикалық өсімін облыс деңгейінің орташа көрсеткішіне жеткізу;

2) ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру;

3) бюджетке жоспарланған түсімдердің орындалуын қамтамасыз ету;

4) ауданға инвестициялар тарту;

5) шағын және орта бизнесті дамытуды жан-жақты қолдау;

6)агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оның ішінде ет, сүт және астық өнімдерін терең өңдеуді, сондай-ақ жылыжай шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету;

7) ауданның елді мекендерін қажетті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

3. Осы шешімнің орындалуын аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

Дата публикации
14 октября 2026