Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті елу жетінші сессиясының күн тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті елу жетінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:

1) Мәртөк ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.

Баяндамашы: М.Ж.Ысқақов – Мәртөк ауданының әкімі.

2)Аудандағы білім беру жүйесінің жағдайы және даму перспективалары туралы.

Баяндамашы: А.С.Есалин– аудандық білім бөлімінің басшысы.

3) Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 268 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: А.Т.Жумабаева– аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

4) «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы.

5) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

Дата публикации
14 октября 2026