Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8435 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы
|
|
Т.Көлкебаев
|