Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бесінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:
1) Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 268 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3) «Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40 жылдығына орай Мәртөк ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» Мәртөк аудандық мәслихатының 2026 жылғы 5 мамырдағы № 315 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Ақпаратшы: Ж.С.Кауменова – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |