Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 158 «Аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысы бойынша, Мәртөк аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 158 «Аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

Аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Мәртөк аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 



Дата публикации
30 июня 2026