Мәртөк ауданы халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, жұмысқа орналастыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік шараларды іске асыру жөніндегі «Мансап» орталығының қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты                ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Мәртөк ауданы халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, жұмысқа орналастыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік шараларды іске асыру жөніндегі «Мансап» орталығының қызметі туралы» есебі назарға алынсын.
  2. «Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мәртөк ауданының Мансап орталығы» (В.В.Логвиненко):

1) Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен, оның ішінде кәсіптік оқытумен, жастар практикасымен, қоғамдық жұмыстармен және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтуды кеңейту;

2) Аудандағы жұмыс берушілермен тұрақты жұмыс орындарын құру, бос жұмыс орындарының санын арттыру және мемлекеттік бағдарламаларға қатысушыларды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жандандыру;

3) Субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілген азаматтарды кейіннен тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында олардың жұмысқа орналастыру сапасына мониторингті күшейту;

4) Халық арасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу, әлеуметтік қолдау шаралары және жаңа кәсіби дағдыларды алу мүмкіндіктері мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру бойынша нақты шаралар қабылдау ұсынылсын.

 

Мәртөк аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                       Т.Көлкебаев

Дата публикации
30 июня 2026