«2026–2030 жылдарға арналған Мәртөк ауданының даму жоспары туралы» Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 280 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 78-тармағына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 280 «2026–2030 жылдарға арналған Мәртөк ауданының даму жоспары туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

2026–2030 жылдарға арналған Мәртөк ауданының даму жоспары (бұдан әрі-Жоспар) осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Аудандық бөлімдер Жоспарда көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Экономика және қаржы бөлімі аудандық бөлімдермен бірлесіп, белгіленген тәртіпке сәйкес, Жоспардың іске асырылуын және мониторингін қамтамасыз етсін.

Мәртөк аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

Дата публикации
30 июня 2026