2025 жылғы Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «2025 жылғы Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы» есебін және Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының есебін қарап, Мәртөк аудандық мәслихаты    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2025 жылғы Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Жұмабаеваның есебі назарға алынсын.
  2. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының «2025 жылға ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы» есеп-қорытындысы назарға алынсын.
  3. Ауылдық округтердің әкімдеріне:

1) жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кіріс бөлігін толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөнінде жұмыстарды жүргізу;

2) тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізе отырып, бюджет қаражаттарын тиімді және мақсатты пайдалану бойынша бақылауды күшейту ұсынылсын.

 

           

Мәртөк аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                        Т.Көлкебаев

Дата публикации
30 июня 2026