Аудан әкімдігінің 2025 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Мәртөк ауданының 2025 жылғы бюджетінің орындалуы туралы» есебін және Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысын қарап, Мәртөк аудандық мәслихаты    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан әкімдігінің 2025 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы есебі кірістер бойынша 7 324 783,0 мың теңге сомасында, шығындар бойынша 9 221 222,7 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының Мәртөк ауданының 2025 жылғы бюджетінің орындалуы туралы есебі (жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды) назарға алынсын.
  3. Аудан әкімдігіне:
  • бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер түсімдерін толық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруға, сондай-ақ аудандық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуына ай сайынғы мониторинг пен талдауды жүзеге асыру;
  • тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, бюджет қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейту;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде бюджеттік жоспарлау сапасын, бюджет шығыстарының негізділігі мен тиімділігін арттыру;
  • аудан бюджетінің атқарылуындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау ұсынылсын.

Мәртөк аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                       Т.Көлкебаев

Дата публикации
30 июня 2026