Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу үшінші сессиясының күн тәртібі туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу үшінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:

1) Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 278 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2) Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40 жылдығына орай Мәртөк ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік  көмек көрсету туралы.

Ақпаратшы: А.Г.Курмангалиев – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

3) № 2 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Қ.М.Шамұратовтың депутаттық сауалы туралы.

4) № 3 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Б.А.Абдуллинаның депутаттық сауалы туралы.

5) № 4 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Р.А.Копжанның депутаттық сауалы туралы.

6) № 6 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат А.И.Райзихтің депутаттық сауалы туралы.

7) № 8 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат З.Ғ.Құрманаевтың депутаттық сауалы туралы.

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

Дата публикации
20 мая 2026