
1977жылы, 14 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бегімбет ауылында дүниеге келген.
1984-1994 жылдары Айшуақ орта мектебінде оқыған.
Білімі – жоғары:
1998 жылы - Алматы қаласындағы Абылайхан атындағы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің француз факультетін;
2010 жылы - Ақтөбе қаласы С.Бәйішев атындағы Университетінің мектепке дейінгі мамандығын;
2013 жылы - осы Университеттің магистратура бөлімін бітіріп, гуманитарлық ғылым магистрі академиялық дәрежесін алған.
Біліктілігі – зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
1998 жылы – педагогикалық еңбек жолының алғашқы қадамын Алматы Еуразиялық Нарық Институтында француз тілі оқытушысы болып бастаған;
2002 жылы – Мәртөк ауданының Хазірет орта мектебінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары;
2003-2005ж.ж. – Дмитриевка негізгі мектебінің директоры;
2006-2011ж.ж.– «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі;
2011-2012 ж.ж.– «Жайсаң дамуында тежеуі бар балаларға арналған арнайы мектеп интернатының» директоры;
2012-2013 ж.ж.– «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі;
2013-2015 ж.ж.– №1 Мәртөк орта мектебінің директоры;
2015-2022 ж.ж. – №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының директоры;
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап №4 Мәртөк ЖОББМ-нің директоры қызметін атқарып келеді.
Мәртөк ауданы бойынша түрлі қоғамдық жұмыстарды белсене атқарып, білім беру саласындағы табысты жұмысы үшін марапатталды.