GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Все материалы
02 октября 2026
Марқакөл ауданы мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы өтті

Сессия алдында Марқакөл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өткізіліп, сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын ала қаралып, талқыланды.

Сессия барысында аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі, әлеуметтік маңызы бар нысандардың 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы ақпарат, сондай-ақ аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының есебі қаралды.

Сонымен қатар, Боран және Ақбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері тыңдалды.

Сессияның күн тәртібіндегі әртүрлі мәселелер бойынша аудан мәслихаты аппаратының ережесін бекіту, сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың дербес құрамдарын бекіту және өзгерту мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия жұмысы Марқакөл ауданы мәслихатының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

22 сентября 2026
Марқакөл ауданы мәслихаты шешімінің жобасын жария талқылау туралы

Азаматтардың назарына электрондық үкіметінің Порталындағы «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін Марқакөл ауданы мәслихатының «Марқакөл ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасы орналастырылғанын хабарлаймыз.

Жобаны жария талқылау 2026 жылғы 21 қыркүйек пен 6 қазан аралығында жүргізіледі.

Танысу үшін сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15915411

Барлық мүдделі азаматтар нормативтік құқықтық акт жобасын жария талқылауға қатысып, оның мазмұнымен таныса алады, сондай-ақ өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын қалдыра алады.

Сессия отырысы
21 сентября 2026
Марқакөл ауданы мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымындағы кезекті қырық төртінші сессиясы 2026 жылғы 1 қазан күні сағат 11:00-де Марқакөл ауылындағы аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.

Сессияның күн тәртібі:

  1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.

Баяндамашы:

Рустембек Набиолдинович Кемешев – Марқакөл ауданының әкімі.

  1. Аудандағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындалу қорытындылары туралы ақпарат.

Баяндамашы:

Самат Тоқтарқанұлы Сүлейменов – Марқакөл ауданының сәулет, құрылыс. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

  1. Аудандық бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері, депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Баяндамашы:

Тимур Қалымжанұлы Айкенев – Марқакөл ауданы мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы.

  1. Боран және Ақбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері.

Баяндамашылар:

Мұрат Тұрғамбекұлы Әділбаев – Боран ауылдық округінің әкімі.

Ардақ Ғалиқызы Тлеубаева – Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі.

Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 09-30 -да.

Сайлау
09 сентября 2026
Марқакөл ауданы мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес Марқакөл ауданының мәслихаты аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарындағы бос орындарға кандидатуралар ұсыну туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны да ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін он бес күннен кем болмайтын мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссияларын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған органдары сайлау комиссияларының құрамдарындағы бос орындарға кандидатуралар ұсыну үшін Марқакөл ауданының мәслихатына 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. белгіленген нысанда электрондық түрде және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамдарына кандидаттар туралы мәліметтер;
  2. тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидатура ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалының (өкілдігінің) шешімінен үзінді көшірме;
  3. саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
  4. кандидаттың белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамдарына ұсынылған тұлғалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәслихаттар сайлайтын мүшелері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөр қойылуы, сондай-ақ құжаттың орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін, сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің өз міндеттерін атқарудан өз еркімен босатылуына байланысты сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар пайда болды.

Осыған байланысты Марқакөл ауданының мәслихаты төменде көрсетілген аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарындағы бос орындарға кандидатуралар ұсынуды қабылдайды.

Аумақтық сайлау комиссиясы

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамында 3 бос орын.

 Учаскелік сайлау комиссиялары

Р/с №

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері (мекенжайы, сайлау комиссиясы орналасқан ғимарат)

Бос орындар саны

1

№751 сайлау учаскесі

Қарашілік ауылы, «Қарашілік негізгі орта мектебі» КММ, Шекарашы көшесі, №4 үй

1

2

№768 сайлау учаскесі

Теріскей-Бөкенбай ауылы, тұрғын үй, (Атаусыз көшесі), №9 үй

2

3

№771 сайлау учаскесі

«Төсқайың ауылдық клубы» КМҚМ

3

4

№773 сайлау учаскесі

Шанағаты ауылы, Батырлар көшесі, 5, ШҚО білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Шанағаты бастауыш мектебі» КММ

1

5

№775 сайлау учаскесі

Урунхай ауылы, Абай көшесі, 12, ШҚО білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Урунхай негізгі орта мектебі» КММ

3

6

№1162 сайлау учаскесі

«Мектеп-интернат-колледж» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Марқакөл ауылы, Журба көшесі, №42 үй

1

 Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы М. Калелов

Мәслихаттың орналасқан жері:  Марқакөл ауылы, А. Крахмаль көшесі, 67.

Жауапты тұлға: А. Касентаева, әкімшілік ғимараты, 2-қабат.

Электрондық пошта мекенжайы: maslihat_markakol@mail.ru

Сессия отырысы
01 сентября 2026
Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс 43-сессиясы өтті

Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс 43-сессиясы өтті.

Сессия барысында депутаттар Марқакөл ауданының ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізуге қатысты мәселелерді қарады.

Атап айтқанда, Марқакөл, Боран, Қалжыр, Тосқайын және Ақбұлақ ауылдық округтерінің бюджеттері қаралды. Тиісті мәселелер бойынша ауылдық округтердің әкімдері баяндама жасады.

Талқылау барысында депутаттар ауылдық округтер бюджеттеріне енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттарын қарастырып, тиісті шешімдер қабылдады.

Мәслихат қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында кезектен тыс 43-сессияның жұмысы Марқакөл ауданы мәслихатының ресми YouTube-арнасында онлайн режимде тікелей көрсетілді.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Сессия отырысы
01 сентября 2026
Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс 42-сессиясы өтті

Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс 42-сессиясы өтті.

Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, мәслихат аппаратының өкілдері, сондай-ақ аудан әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Сессияның бекітілген күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қаралды:

  1. «Марқакөл ауданының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 35/2-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Аталған мәселе бойынша Марқакөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Байбекова Балғын Мәженқызы баяндама жасады.

Мәселені қарау барысында депутаттарға ауданның 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне ұсынылып отырған өзгерістер, олардың негізгі бағыттары және бюджет қаражатының нысаналы мақсаты туралы ақпарат берілді.

  1. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және алушылар санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 22/10-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Екінші мәселе бойынша Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болысова Асем Алексеевна баяндама жасады.

Сессия барысында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына енгізілетін өзгерістер қаралды.

Мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс 42-сессиясы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өткізілді.

18 августа 2026
Марқакөл ауданы мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымындағы кезектен тыс қырық үшінші сессиясы 2026 жылғы 26 тамыз күні сағат 15:00-де Марқакөл ауылындағы аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.Сессияның күн тәртібі:

  1. «Марқакөл ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/2-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Қуат Қизатұлы Қизатов - Марқакөл ауылдық округінің әкімі.

  1. «Боран ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/3-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Мұрат Тұрғамбекұлы Әділбаев – Боран ауылдық округінің әкімі.

  1. «Қалжыр ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/4-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Махамбет Амантайұлы Омаров - Қалжыр ауылдық округінің әкімі.

  1. «Төсқайың ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/5-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Эдуард Калиевич Авкубаев - Төсқайың ауылдық округінің әкімі.

  1. «Ақбұлақ ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/6-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ардақ Ғалиқызы Тлеубаева - Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі.

  1. Әр түрлі мәселелер.

Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 13-30 -да.

18 августа 2026
Марқакөл ауданы мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

Марқакөл ауданы мәслихатының VIII – шақырылымының кезектен тыс қырық екінші сессиясы 2026 жылдың тамыз айының 25 күні сағат 10.00-де Марқакөл ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.

Сессияның күн тәртібі:

  1. «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 35/2-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Балғын Мәженқызы Байбекова - Марқакөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

  1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Марқакөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 22/10-VIII шешіміне өзгерістер еңгізу туралы

Асем Алексейқызы Болысова – Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Әр түрлі мәселелер.

Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 09-00 -да.

Сессия отырысы
26 июня 2026
Марқакөл ауданы мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясы өтті

Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы Мамырбек Жәлімханұлы Калелов мәслихат қызметін ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Екінші мәселе бойынша Марқакөл ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту жоспарының жүзеге асырылу барысы мен нәтижелері туралы аудандық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігері Меруерт Жұмаханқызы Бөлекпаева баяндама жасады.

Сондай-ақ Төсқайың ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есепті ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Рауфа Қадырқызы Нұрғалиева ұсынды.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде Марқакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Бекзат Мұратұлы Мұратов есеп берді.

Келесі мәселе бойынша Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Гүлбақыт Қалымбекқызы Мұсаханова білім беру қызметтерін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестендіру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

«Әртүрлі мәселелер» бөлімінде Марқакөл ауданы бойынша 2026–2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар қаралып, бекітілді. Аталған мәселе бойынша Марқакөл ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Виктория Александровна Новоселова ақпарат берді.

Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ашықтық пен жариялылық қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында сессия отырысы мәслихаттың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

15 июня 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымындағы кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2026 жылғы 25 маусым күні сағат 15:00-де Марқакөл ауылындағы аудан әкімдігі ғимаратында өтеді.

Сессияның күн тәртібі:

  1. Марқакөл ауданы мәслихаты төрағасының мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі.
    Мамырбек Жәлімханұлы Калелов – Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы.
  2. Марқакөл ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту жоспары мен оның жүзеге асырылу нәтижелері жөніндегі ақпарат.
    Анар Асымқановна Бекпаева – Марқакөл аудандық ауруханасының меңгерушісі.
  3. Төсқайың ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
    Эдуард Калиевич Авкубаев – Төсқайың ауылдық округінің әкімі.
  4. Марқакөл ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша полиция бөлімі инспекторларының жұмысы туралы есебі.
    Бекзат Мұратұлы Мұратов – Марқакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы.
  5. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің білім беру қызметтерін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестендіру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі.
    Гүлбақыт Қалымбекқызы Мұсаханова – Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы.
  6. Әртүрлі мәселелер.

    1. Марқакөл ауданы бойынша 2026–2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.
    Виктория Александровна Новоселова – Марқакөл ауданның жер қатынастары бөлімі басшысының м.у.а..

Тұрақты комиссиялардың отырысы сағат 13:30-да өтеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы