Жоба

2022 - 2024 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қаланың,

ауылдардың, ауылдық округтің бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы            28 желтоқсандағы №10/67 «2022 - 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде                 №   болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты                   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдардың, ауылдық округтің бюджеттері осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 1 051 135,0 мың теңге, оның ішінде:            

         салықтық түсімдер  – 169 262,0 мың теңге;             

         салықтық емес түсімдер  – 2 661,0  мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16 900,0 теңге;            

         трансферттер түсімдері  – 862 312,0 мың теңге;

         2) шығындар – 1 051 135,0 мың теңге;           

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді  өтеу –0 теңге;                                              

4) қаржы    активтерімен   операциялар  бойынша    сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

          6) бюджет   тапшылығын     қаржыландыру    (профицитін   пайдалану)  - 0  теңге, оның ішінде:

         қарыздар түсімі – 0  теңге;

          қарыздарды өтеу – 0 теңге;                                              

бюджет   қаражатының    пайдаланылатын  қалдықтары   –   0 теңге.»;

  1. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман заңгер Ә.Нәдірқожақызы) Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Жеткізгенов Е.) жүктелсін.
  3. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.                                                                                                                                                                                                                                                                             

   

                  

О бюджете города районного значения, сел, сельского округа на 2022 – 2024 годы
Дата публикации
05 января 2022