ЖОБА
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 2/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
төрағасы Ж. Кәрімова
ЖОБА
|
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2026 жылғы № шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 2/2 шешімімен бекітілді
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
1) аудандық мәслихаттың ұйымдастыру және сессиялық қызметін қамтамасыз ету;
2) өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда депутаттарға көмек көрсету;
3) аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу;
5) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
6) аудандық мәслихат депутаттарының материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;
7) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.
1) құқықтары: белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау; депутаттық сауалдар мен ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар, ұсыныстар, шағымдар жіберу; аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру; қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; аудандық мәслихатқа келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімі мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
2) міндеттері: өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету; ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу; аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету; азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
1) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының және оның органдарының қызметiн ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;
2) мәслихаттың аудандық мәслихат бекіткен жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
3) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын және жұмыс сапарларын дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақтылы ұсыну;
4) аудандық мәслихат шешімдерінің, мәслихаттың тұрақты комиссиялары қаулыларының және аудандық мәслихат төрағасы өкімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
5) аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және заңды сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайда әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жіберу;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердегі қайталауларды, олқылықтарды, ескірген және сыбайлас жемқорлық құқық нормаларын талдау, іске асыру тиімділігі және анықтау мақсатында құқықтық мониторингті жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда және тәртіппен аудандық мәслихаттың шешімдерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
8) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау, талдау, аудандық мәслихат депутаттары алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;
9) аудандық мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарында айтылған ескертулер мен ұсыныстардың, сессиялар шешімдерінің, тұрақты комиссиялар қаулыларының орындалуын талдау және бақылау, аудандық мәслихат сессияларында және тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарау үшін олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат дайындау;
10) аудандық мәслихаттың және оның органдарының басқа да отырыстарының хаттамалары мен материалдарын қалыптастыру;
11) аудандық мәслихат депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық мәслихаттың ресми веб-сайтында аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпарат орналастыру;
12) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, депутат сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін уақытында қарастыру және жүзеге асыруға бақылауды жүзеге асыру;
13) аудандық мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды анықтау, депутаттардың біліктілігін арттырудан өтуі, іссапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
14) кадр жұмыстарын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына, оны жүзеге асыруға қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және Үкімет қаулыларына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүргізу;
15) іс жүргізу жұмыстарын, сондай-ақ арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу, архивке тапсыру үшін, соның ішінде мәслихат аппаратының ақпараттық жүйелері арқылы құжаттарды уақтылы тіркеу, сақтау және әзірлеу;
16) Мәслихат аппаратына және аудандық мәслихатқа келіп түсетін азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша, электрондық өтініштерін аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауынан қарау, оларды бақылау және талдау.
3-тарау. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге және өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырыстарына төрағалық етеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына, сондай-ақ сайлау округтеріндегі қызметіне қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштерінің қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа тұрақты түрде ақпарат ұсынады;
8) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 24-бабы 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру мәселесін көтеретін мәслихат депутаттары жинаған қолдардың түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыреті мәселелері бойынша өкімдер шығарады;
11) тұрақты комиссиялардың және мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
12) мәслихатты мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда білдіреді;
13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы болмаған кезде мәслихат сессиясының төрағасының шешімі бойынша оның өкілеттіктерін уақытша тұрақты комиссиялардың бірінің төрағасы немесе Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының депутаты жүзеге асырады.
4-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппаратының басшысы
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда олардың міндеттерін жүктеу туралы бұйрықтарды дайындайды;
11)депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
26.Аппарат басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес айқындалған адам атқарады.
4-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
5-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Мәслихат аппаратының оның қарауындағы ұйымдары жоқ.
Мәслихат аппаратының оның қарауындағы аумақтық органдары жоқ. Мәслихат аппаратының оның қарауындағы мемлекеттік мекемелері жоқ.