«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама
2024 жыл 13 ақпан Мамлютка қ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі:
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі-қарай- Аппарат) өз қызметін Қазақстан Республикасы Конститутциясымен және Заңдарымен, Президент және Қазақстан Республикасының актілерімен, басқада нормативтік құқықтық актілерімен, сондай ақ Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 2/2 шешімімен бекітілген Аппарат туралы Ережесіне жүзеге асырады.
Ішкі талдауды өткізуге негіз:
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына, сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 7 өкіміне сәйкес.
Талдауды өткізу кезеңі:
2024 жылдың 13 ақпанынан 16 ақпанына дейін
Ішкі талдау обьектісінің қызметінің талдау кезеңі: 2023 жыл
Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:
Өз қызметінде Аппарат басшылыққа алады және қызметін Қазақстан Республикасы Конститутциясымен және Заңдарымен, Президент және Қазақстан Республикасының актілерімен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына басқада нормативтік құқықтық актілерімен, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуіәрдегі № 2/2 шешімімен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне жүзеге асырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуіәрдегі № 2/2 шешімімен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес Аппаратпен атқарылатын қызметтер жоғарғыда көрсетілген нормаларға сәйкес.
Аппарат қызметінде және нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық талдауында тәуекелдері жоқ екенін анықтады.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі :
2023 жылдың қаңтарынан Аппаратың штаттық саны 6 бірлік, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің нақты саны -5 бірлік: аппарат басшысы және 4 бас маман.
Талданылатын кезеңде әкімшілік мемлекеттік лауазымға конкурс өткізілген жоқ.
Талданылатын кезеңде барлық мамандармен дәрежені жоғарлату оқуларын өту тәртібі бұзылған жоқ.
Аппараттың барлық мамандары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің «Ақпараттық сервис» базасы бойынша тексерілді. Мемлекеттік қызметшілерге әкімшілік жазалар салынған жоқ.
Талданылатын кезеңде Аппаратқа жеке және заңды тұлғалардан 12 өтініш түсті.
Аппарат мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпараттық құралдарында негативтік құжаттар анықталған жоқ.
Аппарат қызметіне қатысты тексерістер болған жоқ.
Прокурорлық тексеріс актілері болған жоқ.
Әкімшілік мемлекеттік қызметші ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ.
Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жоқ.
Мемлекеттік қызметшінің беделін түсіретін тәртіптік қимылдар болған жоқ.
Сотталғандар жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау 2023 жылдың 1,2,3,4 тоқсандарында өткізілді.
Барлық мамандар ұлттық қауіпсіздік комететінде тексерістер өтті, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарымен анықталған шектеуліктерді қабылдау бойынша хаттай міндеттемелер бар. Әр қызметкер мемлекеттік қызмет өту кезінде өз мүлігін сенімді басқаруға тапсыру қажеттілігі туралы таныстырылды. Аппарат мемлекеттік қызметшілерімен салық басқармаларына 2022 жылға табысы туралы декларациялар уақытында тапсырылды. Аппарат мемлекеттік қызмешілері арасында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.
Аппарат интернет ресурсының бөлігінде сыбайлас жемқорлық бойынша, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттар орналастырылған, сенім телефон, азаматтар мемлекеттік қызметшілермен өз лауазымдарын Заңды емес қолдана отырып.
Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағына сәйкес, мәслихат хатшысының 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 3 өкіміне «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық стандарты бекітілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес 2017 жылдың 4 шілдесінен Аппаратта әдептілік бойынша өкілетті етіп мәслихат аппаратының басшысы Күльжанова Әсия Есімқызына жүктелді.
2) мүдделер қақтығысын реттеу:
Аппаратпен мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Тауарларды, жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар ашық және айқын жүргізіледі сыбайлас жемқорлық пайда болуын алып тастайды.
Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес жоспарланған және өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат Аппараттың мемлекеттік сатып алу веб порталында орналастырылады. Аудандық бюджетті бектілген сәттен бастап қаржылық жылға сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспары соммалары және сатып алынатын тауарлар және жұмыстар көрсетіле веб порталда орналастырылады.
Мемлекеттік сатып алу және емлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуы анықталмады.
3)Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жарамсыз құжаттар бұқаралық ақпараттық құралдарында жариялану бойынша мониторинг жүргізіледі, талдау кезеңінде Аппарат қызметшілеріне жарамсыз құжаттар жоқ. Азаматтардың өтінішерін қарастырып анықталды сыбайлас жемқорлық тақырыбына қатынасты сұрақтар жоқ.
Аппарат қызметшілерін құқықтық оқыту үшін ең нақты тақырыптарды таңдау бойынша шаралар қолдануда.
Басшының, Аппарат қызметшілерінің әрекеттеріне наразылықтар түскен жоқ. Басшымен азаматтарды қабылдау тәртібі анықталды.
Мүдделер қақтығыстар анықталған жоқ.
Аппарат мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
Аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.
Аппаратта бақылау функциялары жоқ.
Жоғарғыда айтылған негізде жұмыс тобы Аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуәкелдері жоқ екенін анықтады.
Жұмыс тобының төрағасы Ә.Күльжанова
Жұмыс тобының мүшелері А.Контаев
И.Ермаков
Ө.Самомбетов
Танысты:
Аудандық мәслихаттың төрағасы Ж.Кәрімова
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы |
|
|
|
Нысан |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
2023 жылдың 12 айы кезеңінде «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері үнемі бақылауда. 2023 жылдың 12 айында жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан 12 өтініш түсті. Қарастыру мерзімі бұзылған өтініштер жоқ.
2023 жылдың 12 айында -43 мемлекеттік сатып алу бойынша шарт жасалды.
Тоқсан сайын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының саитында тұрғындардың назарына мәслихаттың қызметі туралы ақпарат жарияланады.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік дәрежесін жоғарлату үшін қайта даярлау және дәрежені жоғарлату курстарын өтуі қамтамасыз етіледі.
Мамлют ауданы мәслихатының аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатында келесі іс шаралар орындалады:
жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді уақытында орындалуын қадағалау жүргізіледі;
аудандық мәслихат хатшысымен жеке және заңды тұлғалар жеке қабылдауы жүргізіледі;
нормативтік құқықтық актілердің тексерілуі жүргізіледі Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келеуіне және сыбайлас жем қорлыққа жағдай бермеуіне;
тұрғындардың құқықтық сыбайлас жемқорлық бағытындағы ақпаратқа жалпы мүмкіншілік қамтамасыз етіледі.
III. Қорытынды бөлім