16.06.2017
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты»КММ іс жүргізу және кадрлық мәселелер бойынша бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазым орнына әңгімелесугежіберілген, кандидаттардың тізімі
Боранбаева Әлия Бауыржанқызы
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты»КММ іс жүргізу және кадрлық мәселелер бойынша бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазым орнына әңгімелесуді өткізу кестесі
| №Т.б | ТАЖ | Өткізу күні | Өткізу уақыты | Өткізу жері |
1 |
Боранбаева Әлия Бауыржанқызы | 21.06.2017 |
C 10-00 | «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты»КММ |
05.06.2017
«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» КММ 150900, СҚО, Мамлютка қ, Абай Құнанбаев к, 5, анықтама алу үшін 8(71541)2-15-88, факс 8(71541)2-12-16, немесе электронды пошта арқылы: maml_mas@mail.ru,«Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгi лауазымына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды: «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» КММ,
іс-жүргізу және кадр мәселелері бойынша бас маман, - негізгі қызметкердің (бала күтімі бойынша демалыс уақытына – 2020 жылдың 29 наурызына дейін.).
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшi санаты Е-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейiн.
Негiзгi функциялық мiндеттерi:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
Жоғары бiлiм: «Құқық» бейiнi бойынша, орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк: «Құқық», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету) бейiндері бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Білім», «Құқық», «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (аудармашы ісі (түрлері бойынша), іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары бойынша), мемлекеттік қызмет өтілі кемінде бір жыл немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес обылыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болған жағдайда рұқсат етiледi.
келесі құзыреттіліктердің болуы: бастамашылдық, коммуникативтік, талдамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, ориентация сапасына, тұтынушыға бағдарлау, сыбайлас жемқорлыққа төзуге болмайды.
Жоғары білімі барларға жұмыс тәжірибесі қажет етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихат аппаратының ресми сайтында maslihat-maml.sko.kz және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.