GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Пресс-центр
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Все материалы
17 декабря 2025
2025 жылғы 15 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІV сессиясы өтті.

Кезектен тыс сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары А. Қаржауова және дербес бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес сессия барысында қаралған мәселелер:

  1. «Мақат ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы»;
  2. Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №132-VІІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Баяндамашы С. Сарбалиева-Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі ММ басшысы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, жан-жақты талқылаулар жүргізіліп, депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

03 ноября 2025
31 қараша 2025 жылы Мақат аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы және кезекті XХХІ сессиясы өтті.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

 1. Шағын және орта бизнесті қолдау бағытында атқарылған жұмыстары туралы және ауданның тарихи және мәдени нысандарын дамыту, туризмді қолдау және насихаттау шаралары туралы.

Баяндамашы: Г. Атабаева – аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы.

  1. Ауа райының қолайсыздығы кезінде аудандағы автокөлік жолдарын күтіп ұстау (қардан, судан, мұздан) тазалау және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дайындығы туралы аудандағы автокөлік жолдарды салу және жөндеу жұмыстарының сапасы туралы.

Баяндамашы: Н. Булеков – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

  1. Басқа да мәселелер

 

16 июля 2025
ДЕПУТАТТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Бүгін, 15 шілде күні аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шаңғалаев және мәслихат депутаты Әділбек Нұрманов қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Қабылдауға келген Айболат Қапақов пен Амантай Кенжешов қураған ағаштарды кесу және жаңа көшеттер отырғызу алдында жерді алдын ала дайындап алып отырғызу қажеттілігін көтерді.
Сонымен қатар, қоршалған зираттарға кірме жол салу, Жеңіс саябағы алаңындағы ойын алаңшасын жарықтандыру және абаттандыру мәселелері қаралды. Жол мен құрылыс сапасына қатысты да ұсыныс-пікірлер айтылды.
Қабылдау барысында кейбір мәселелер өз шешімін тапты. Ал жол, құрылыс және абаттандыруға қатысты түйткілдер бойынша алдағы уақытта кент әкімдігі мен тиісті сала мамандарының қатысуымен қайта кездесу жоспарланды.
31 марта 2023
2023 жылдың 30 наурыз күні Мақат аудандық мәслихатының 8 шақырылымның 1 сессиясы өткізілді. Жанадан сайланған депуттарға төс белгілерімен куәліктері табысталды.
06 декабря 2022
Қазахстан Республикасы Президентінің Ұлықтау рәсімі туралы
02 декабря 2022
Депутаттар Атырау облыс әкімінің кандидатурасына келісім берді

2022 жылдың 1 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 9:00-де Атырау қаласы, Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында,Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің қатысуымен Атырау облысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттары депуттаттарының жиналысы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы "Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беру қағидаларын бекіту туралы" №912 Жарлығына сәйкес,Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы мәселесі қаралып, Атырау облысының әкімі лауазымына Шәпкенов Серік Жамбылұлының кандидатурасына келісім берілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы