Мақат ауданының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Мақат ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Мақат аудандық Қоғамдық кеңесі
Пошталық мекен-жайы: индекс – 060600, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі, Қ.Сатпаев көшесі, 1, «Мақат аудандық мәслихаты аппараты» ММ, №11 кабинет.
Байланыс телефондары:
8 712 39 3 02 78, 3 12 51.
Электрондық мекенжайлар: makat_maslihat47@mail.ru
Құжаттарды тапсыру кезеңі: 2025 жылғы «14» ақпан - «28» ақпан аралығында.
Сағат 09.00-ден 18.30 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.30 дейін.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Мақат ауданының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгілеген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтың, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың)себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс;
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтың, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4- тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісін құрауға тиіс.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 11адам