Мақат аудандық мәслихатының кезекті 11-сессиясы өтіп, онда аудан әкімі Ринат Ибрагимовтың 2023 жылы атқарылған жұмыстары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы есебі қаралды. Сондай-ақ мәслихат сессиясында аудандық мәслихат депутаттары Мақат өңірінің өзекті мәселелеріне қатысты депутаттық сауалдар жолдады.