«Мақат аудандық мәслихатының
шешімін жою туралы» шешімінің жобасына
«Мақат аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі «Мақат аудандық мәслихатының шешімін жою туралы» Мақат аудандық мәслихаттың шешімінің жобасын (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірледі.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №108-VIII «Мақат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімін жою болып табылады.
Шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабынының 11-тармағына сәйкес әзірленді.
Осылайша, шешім жобасын қабылдау Мақат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму жұмысын атқару үшін қажет.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2025 жылғы 24 ақпанда орналастырылды.