Бүгінгі күн – атқарылған іске есеп беріп, ел игілігі жолында еңбек еткен азаматтарға алғыс білдіретін сәт.
Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарына өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына орай аудандық мәслихат аппараты атынан шынайы ризашылығымызды білдіреміз!
Депутаттық қызмет – үлкен жауапкершілік пен ел сенімін арқалаған мәртебелі міндет. Осы кезеңде Сіздер халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, елді мекендердің өркендеуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға өз үлестеріңізді қостыңыздар.
Қоғамдық мүддені бәрінен жоғары қойып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайту жолында атқарған еңбектеріңіз – ел игілігіне бағытталған қызметтің айқын көрінісі.
Осы жауапты кезеңде мәслихат аппаратымен бірлесе атқарған жұмыстарыңыз, іскерлік қарым-қатынастарыңыз бен ортақ мақсат жолындағы қолдауларыңыз үшін алғыс айтамыз.
Елге сіңірген еңбек ешқашан елеусіз қалмайды. Әрқайсыңыздың депутаттық қызмет барысында атқарған істеріңіз бен қосқан үлестеріңіз ел жадында сақталады деп сенеміз.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! Қай салада қызмет етсеңіздер де, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Ел сеніміне ие болып, халық игілігі үшін қызмет еткендеріңізге рақмет!
Құрметпен,
Аудандық мәслихат аппараты!
46-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:
«2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Махамбет аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №248 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Қабдолова Ажар Серікқалиқызы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Хабарламашы: Мұханғалиев Алшынбек Жандарбекұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы
47-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:
1. «2026 – 2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Махамбет аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №249 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Қабдолова Ажар Серікқалиқызы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырыстары 2026 жылдың 14 және 16 шілде күндері сағат 10:00–да аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Махамбет аудандық мәслихатының кезектен тыс 45-сессиясына шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10, 19 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихаттың кезектен тыс 45-сессиясын 2026 жылдың 15 маусым күні сағат 10:00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залына шақыру туралы шешім қабылдады.
45-сессиясы төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:
Хабарламашы: Арыстангалиева Фируза Жетписбаевна - аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Хабарламашы: Арыстангалиева Фируза Жетписбаевна - аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Хабарламашы: Мұқанғалиев Алшынбек Жандарбекұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы
Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары!
Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен Махамбет аудандық мәслихат депутаттары мен аппараты атынан шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Мемлекеттік рәміздер кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін мызғымас негіздерінің бірі. Ту мен Елтаңба – егемендік пен тәуелсіздік идеяларының нақты белгісі, әнұран - осы ізгі ұғымдардың бірден - бір рухани жаршысы.
Елтаңба, көк Туымыз, Әнұранымыз - Қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады, санамызға тәуелсіздік пен патриотизм сезімін орнықтырады.
Қазақстан мемлекетін құру, қазақ болу - бізге тағдыр сыйлаған үлкен сый, ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан-ұрпаққа табыстайтын болайық.
Ендеше, әрдайым бір болайық, ата-баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бет түзеген көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берейік! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, көк Туымыздың мәртебесі биік болсын! Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!
Құрметпен,
аудандық мәслихат төрағасы К.Мажиев
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Махамбет ауданы Мәслихаты Махамбет ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамы қалыптастырылатыны туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымды бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы маусым айының 1-і мен маусым айының 15-сі аралығында аудан Мәслихатына келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясы құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, инициалы және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсынымдарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Махамбет ауданы Мәслихаты
Кайыржан Мажиев - Махамбет ауданы Мәслихатының төрағасы.
Орналасқан жері: Махамбет ауданы, Абай көшесі, 13.
Жауапты тұлға – Есімова Айкөркем Болатбекқызы, қызметтік телефон 2-11-76, электрондық пошта: makhambet-maslihat@mail.ru.
Махамбет аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды
|
№ |
Комиссияның атауы |
Сайлау комиссияларының орналасқан орны |
Комиссия мүшелерінің саны |
|
|
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 |
Махамбет ауданы бойынша №1 округтік сайлау комиссиясы |
Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Ж.Қартқожақов көшесі, №9 үй, «Алтын балық» бала бақшасының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимараты |
1 |
|
2 |
Махамбет ауданы бойынша №2 округтік сайлау комиссиясы |
Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Д.Шененов көшесі, №13 үй, Аудандық аймақтық инспекциясының ғимараты |
1 |
|
№ |
Комиссияның атауы |
Сайлау комиссияларының орналасқан орны |
Комиссия мүшелерінің саны |
|
|
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 |
№216 |
Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, О.Есмағамбетов көшесі, №15 үй, Махамбет балалар және жас өспірімдер спорт мектебінің ғимараты |
1 |
|
2 |
№217 |
Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Қазбек би көшесі, №40а үй, Д.Төленов атындағы орта мектебінің ғимараты |
1 |
|
3 |
№219 |
Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, М.Боранқұлов көшесі, №7 үй, Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің ғимараты |
1 |
|
4 |
№222 |
Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Таңдай ауылы, М.Есенбаев көшесі, №12 үй, КМҚК «Бақсай» мәдениет үйінің ғимараты |
2 |
|
5 |
№224 |
Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Ескі Сарайшық ауылы, Е.Шакіліков көшесі, №38 үй, «№1 әлуметтік көмек көрсету орталығы» КМК-нің ғимараты |
1 |
|
6 |
№225 |
Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Бейбарыс ауылы, Төле Би көшесі, №36 үй, КМҚК «Жасдәурен» мәдениет үйінің ғимараты |
4 |
|
7 |
№231 |
Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Ортақшыл ауылы, Абай көшесі, №18 үй, Қосарал орта мектебінің ғимараты |
3 |
|
8 |
№234 |
Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Ақтоғай ауылы, М.Өтемісұлы көшесі, №15 үй, ҚМКК «Ақтоғай» мәдениет үйінің ғимараты |
1 |
Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен Махамбет аудандық мәслихат депутаттары мен аппараты атынан құттықтаймын!
Шаттыққа толы осы күндер Қазақстандағы барлық азаматтардың мерейін үстем еткен, ұрпаққа үлгі болған, тағылымы терең тарихи мерекелер!
Бұл – Отан қорғаушылардың бұрынғы және қазіргі кездегі даңқты ерліктеріне сый-құрмет көрсетілетін айрықша күндер.
Кең байтақ жердің қасиетті даласында, алтын күн шапағаты аясында бейбіт өмірді ұрпаққа аманат еткен майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің, Отан қорғаушылардың ерліктері мен еңбектерінің арқасында тыныш, алаңсыз өмір сүрудеміз.
Сіздердің ерліктеріңіз – біздің жүрегімізде мәңгі сақталады және фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы мәңгі шуақ шашатын болады.
Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Сондықтан да, кейінгі ұрпақ олардың ерлігін, батылдығын әрдайым есінен шығармай, бейбіт те жасампаз еңбекпен Егеменді Қазақстанды көркейтіп, жоғары биіктерге көтере берсін!
Бір-біріне ұласқан осы қасиетті де қастерлі мерекелер қарсаңында барша аудан тұрғындарына шын жүректен зор денсаулық, ырыс-құт, береке, ұзақ өмір, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!
Құрметпен,
аудандық мәслихат төрағасы К.Мажиев
Махамбет аудандық мәслихатының кезектен тыс 43-сессиясына шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10, 19 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихаттың кезектен тыс 43-сессиясын 2026 жылдың 20 сәуір күні сағат 10:00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залына шақыру туралы шешім қабылдады.
43-сессиясы төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:
Хабарламашылар: Пазулов Жексенбай Дюсенбаевич – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы
Хабарламашылар: Арыстангалиева Фируза Жетписбаевна - аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 1 Наурыз - Алғыс айту күнімен аудандық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері атынан шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні –қиындықты иық тіресе бірге еңсеріп, аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық. Бұл күн - жақсылықты бағалай білуге, өзара сыйластық пен құрметке бастайтын күн.
Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақ-береке, ынтымақ пен бірлік тілеймін!
Жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.
Аудандық мәслихат төрағасы К.Мажиев
Махамбет аудандық мәслихатының кезектен тыс 39-сессияларын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10, 19 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихаттың кезекті 39-сессиясын 16 ақпан күні сағат 10:00-де аудандық мәслихат аппаратының ғимаратына шақыру туралы шешім қабылдады.
39-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:
Хабарламашы:Арыстанғалиева Фируза Жетпісбайқызы- аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырыстары 2026 жылдың 16 ақпан күні сағат 09:30–да аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Ағымдағы жылдың 18 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті 37-сессия отырысы өтті. Сессия отырысын мәслихат төрағасы К.Мажиев ашып, жүргізді. Сессия отырысына аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің және қоғамдық кеңесінің төрағалары қатысты. Күн тәртібінде: "2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Махамбет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №167 шешіміне өзгерістер енгізу туралы", "Махамбет ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекіту туралы", "Аудандағы ауылдық округтердің тазалық жұмыстары туралы", "Аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы", "Махамбет ауылдық округінің көшелеріне атау беруге ұсыныс енгізу туралы" және "Бейбарыс ауылдық округінің көшелеріне атау беруге ұсыныс енгізу туралы" мәселелері қаралды. Сессия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, хабарламашыларға сұрақтар қойылып,тиісті шешімдер қабылданып, бекітілді.