Бақсай  ауылдық  округі  жергілікті  қоғамдастық жиынымен  өткізілген хаттамасы

Бақсай  ауылдық  округі  жергілікті  қоғамдастық

жиынымен  өткізілген   №3  хаттамасы

 

Өткізілген  күні мен орны  2025 жыл «17» маусым

Таңдай  ауылы,  М.Есенбаев  көшесі  №22

Бақсай ауылдық мәдениет үйі                                                        

Бақсай ауылдық округі бойынша жергілікті  қоғамдастық  жиынға  қатысуға  тиісті  қоғамдастық  мүшелерінің  10  мүшесі  және  32 ауыл  тұрғындары  қатысты.

  1. Сарсенбиев Гарифолла
  2. Жубанишев Куангали
  3. Нургалиев Гуд
  4. Калмаганбетов Алданбай
  5. Абишев Гайнолла
  6. Жумагалиев Толеугали
  7. Муканов Камбар
  8. Канатулы Таттыбай
  9. Губашев Кенжебек
  10. Дюшев Каршига

 

Жиын  төрағасы:  Ғ.Абишев

Жиын  хатшысы: Д.Құрманғалиев

      Жиынды ауылдық округ әкімі Е.Сұлтанов ашып, жергілікті  қоғамдастық мүшелерінің бүгінгі жиынды жүргізу үшін ауыспалы негізде жиын төрағасы мен хатшысын ұсынды. Көпшілік дауысы негізінде отырыстың төрағасы Ғ.Абишев, хатшысы Д.Құрманғалиев  болып сайланды.

                                        КҮН  ТӘРТІБІНДЕ  ҚАРАЛАТЫН  МӘСЕЛЕ:

  1. Таңдай ауылындағы  бір көшеге атау беру. 

 

                                                        ТЫҢДАЛДЫ: 

      Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауылдық округ әкімі Е.Сұлтанов хабарлама жасады.

                                                        ТАЛҚЫЛАУ:

        Ғ.Нұрғалиев-зейнеткер, ауылдық  ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдастық  мүшесі.

        Облыстағы ауыл шаруашылығын өркендету жолындағы күресте М.Иманбаев еңбек ететін «Бақсай» совхозының еңбекшілері ерекше белсенділік көрсетті.Соғыстан кейінгі 1946-1947 жылдары М.Иманбаев «Бақсай» асыл тұқымды қаракүл совхозында №3 ферманың шағылыстырушы көмекшісі болып, алыс жайлауларда еңбек етті.1947-1948 жылдары ферма зоотехнигі қызметінде болды.Ал 1950-1951 жылдары «Бақсай» совхозының жұмысшылар комитетінің төрағасы  болды. Отыз жылға жуық, 1951-1980 жылдары аралығында «Бақсай» асыл тұқымды қаракүл қой совхозының №2 фермада меңгерушісі болып абыройлы  қызмет  етті.

 

Жиын  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

      1.Таңдай  ауылындағы  жаңадан инфрақұрылымы (газ,свет) жүргізілген жерден бір көшені Ұлы Отан  соғысының  ардагері  Иманбаев  Мұхиттың есімін Таңдай  ауылындағы жаңа көшеге беру  туралы  қызы  Иманбаева Маназиланың өтініші  қолдау  тапсын.

 

 

                          Жиын  төрағасы:                         Ғ.Абишев

 

                         Жиын  хатшысы:                        Д.Құрманғалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 июня 2025